Павлодарда Ертіс өзенінің жағалауына қоқыс контейнерлері орнатылды (ВИДЕО)

Павлодарда Ертіс өзенінің жағалауына  қоқыс контейнерлері орнатылды (ВИДЕО)

Әрі өзен жағасына санитарлық тазалық жүргізілді деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі мәлімдеді.

- Бөлімнің мердігер ұйымы Усолка ықшамауданында Ертіс өзенінің оңтүстік жағындағы жағалауды санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, жағалауға қоқыс жинайтын қосымша контейнерлер орнатты, - делінген хабарламада.

Мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына тазалықты сақтауды ескертті. Әрі абаттандыру ережелерін бұзбай, қоқысты қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге тастауын сұрады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі» ММ (@zhkh_pavlodara)