Жұма күні Павлодар облысында күн жылы болады

Жұма күні Павлодар облысында күн жылы болады
Фото: Константин Шелков

22 желтоқсанда түнде және күндіз ауа температурасы -2...-3 градусты көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігінде, шығысында  қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі. Көктайғақ болады. 

Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде -0-2 аяз, күндіз 0-2 градусты көрсетеді.