Жұма күні Павлодар облысында қар мен жаңбыр жауады

Жұма күні Павлодар облысында қар мен жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Облыстың оңтүстігінде боран болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 24 қарашада ауа температурасы 0…+5 градусқа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, ал кей жерлерде 25 метрге дейін соғуы мүмкін.

Павлодарда сынап бағанасы +1…+3 градусты көрсететін болады. Облыс орталығында қар мен жаңбыр жауады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.