Қаныш Сәтбаевтың мерейтойы: Павлодарда ескерткішке гүлдер қойылды

Қаныш Сәтбаевтың мерейтойы: Павлодарда ескерткішке гүлдер қойылды
Фото: Валерий Бугаев

Пайдалы қазбалар құпиясын ашқан әйгілі геолог-ғалым, академиктің 125 жылдық мерейтойын дүбірлі тойлау бастау алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда Қаныш Сәтбаевтың ескерткішінің жанында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған облыстың, қаланың бірінші басшылары, басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.

Химия ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық инженерлік ғылымдар академиясының академигі, ҚР Парламенті Сенатының Павлодар облысынан депутаты Алтынбек Нұхұлы Қаныш Сәтбаевты әрбір зеттеген сайын жаңа қыры ашыла беретінін атап өтті.

Қаныш – бұл жүз жылдықтың ғалымы емес, Қаныш мыңжылдықтың адамы. Сондықтан да әрбір жылы Қанышты зерттеген сайын оның терең тұңғиық теңіз екендігіне көзіміз жетіп отыр. Бұл кісінің жасап кеткен тек қана еңбектерінің өзі мыңға жуық. Ол әрбір еңбекті жеке зерттейтін болсаңыз, ол мыңжылдықтарға ұласатыны сөзсіз. Себебі әрбір зеттеген сайын жаңа қыры ашыла береді. Сондықтан да Қаныштың құбылысы, өз заманының ерекше адамы болатын болса,  енді бүгінгі ұрпақ үшін салып кеткен жолы, өнегесі біздер үшін үлгі-өнеге болып саналады, – деді Алтынбек Нұхұлы.

Қазақ елінің мақтанышы болып табылатын ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығы республика бойынша кең көлемде аталып өтілуде. Атақты жерлесіміздің мерейтойы аясында 16-17 тамызда өңірімізде айтулы мереке дара тұлғаның өмірін дәріптеуге арналған салтанатты іс шаралардың тізбегімен жалғасады.

Әрбір ұлттың өз бір мақтанышы болады ғой, біздің ұлттың мақтанышы Қаныш Сәтбаев деп айта аламыз. Ендеше, оған арналып отырған тойымыз тойға ұлассын, Қаныш тойы абыроймен өтуге жазсын, – деді депутат Алтынбек Нұхұлы.

Айта кетейік, 17 тамыз күні үлкен той өтеді. Онда 100-ден аста киіз үй тігілген этноауыл болады.