Қазақстан Бельгияның музыкалық аспаптар мұражайына домбыра мен сазсырнай сыйлады

Қазақстан Бельгияның музыкалық аспаптар мұражайына домбыра мен сазсырнай сыйлады
Фото: Арнұр Рахымбеков

Қазақстан елшілігінің қолдауымен мұражайға қазақтың ұлттық аспаптары табысталды, деп хабарлайды @Kazinform.

Аспаптарды ҚР Елшілігі «Алатау әуендері» концерттік ұйымымен бірлесіп сыйға тартты. Бұл Қазақстан мен Бельгия арасындағы мәдени диалогты нығайтудағы маңызды қадам болып саналады.

Домбыра мен сазсырнай мұражайдың тұрақты коллекциясының бір бөлігіне айналады және сандық түрде – онлайн каталог пен аудиогид арқылы қолжетімді болады. Бұл келушілерге әр аспаптың дыбысталуын тыңдап, олардың шығу тегі мен мәдени маңызы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Бельгия музыкалық аспаптар мұражайы 1877 жылы құрылған Корольдік өнер және тарих мұражайларының бір бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда мұражайда шамамен сегіз мың аспаптан тұратын кең коллекция бар.