Қазақстандық балабақшаларда ерте жастан кәсіпке баулу бастамасы қолға алынбақ

Қазақстандық балабақшаларда ерте жастан кәсіпке баулу бастамасы қолға алынбақ
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бағдарлама 4 пен 5 жастағы балаларды қамтиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Елімізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту мақсатында 2025–2026 оқу жылында «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» пилоттық жобасы іске қосылуда. Жобаға республика бойынша 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде 62 мемлекеттік және 38 жекеменшік балабақша бар.

Мақсаты – балаларды еңбекке баулу, олардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызды бағыттарының бірі — еңбек пен түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды үйрету.

Жоба мазмұны баланың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай әзірленуде. Балалар күнделікті ойын және тәжірибелік іс-әрекет арқылы түрлі кәсіп түрлерімен танысады, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді.

Оның аясында балалардың еңбекке деген қызығушылығы артады, ұжымдық жұмыс пен еңбек ету қабілеті дамиды, сондай-ақ болашақ кәсіби бағдардың алғашқы қадамы жасалады.