Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас WBC атағын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас WBC атағын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (3-0, 2 КО) Ыстанбұлда (Түркия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ангелина мексикалық Анна Аррасоламен (28-16-3, 14 КО) жұдырықтасты. Бұл кездесу жеңіл салмақта өтті және ол 2 минутан 10 раундқа есептелген болатын. Жеңімпаз WBC International чеимионы атағын жеңіп алуы тиіс еді. Жекпе-жек берілген уақытта төрешілер шешімімен Ангелинаның жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби рингтегі 4-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Анна Аррасола болса, өз карьерасында 17-ші рет жеңілді.