ҚазМұнайГаз акциялары жаңа тарихи шарықтау шегіне жетті
Бір акцияның құны – 11 200 теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазынаның» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
IPO басталғалы ҚМГ акциялары 33,2% өсті.
Егер дивидендтерді де қоссақ (бір акцияға - 492 теңге), онда инвестициядан түскен жалпы өсім - 39% деген сөз.
Бұл ретте мұнай бағасы Brent маркалы мұнайдың барреліне 88 долларға дейін көтерілді.
Оның себебі - Сауд Арабиясының мұнай экспортына шектеуді ұзартуы және ресейлік мұнай экспортын тәулігіне 300 мың баррельге қосымша қысқартуы.