ҚР Президентінің кеңесшісі павлодарлық полицейлермен кездесті

Мәлік Отарбаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген негізгі мәселелер мен стратегиялық бағыттарға тоқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сонда-ақ ол Павлодар облысының құқық қорғау және арнайы органдарымен кездесуі барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауын жеткізді.
– Президент атап өткендей, мемлекеттің болашағы үш іргелі құндылыққа негізделуі тиіс: әділдік, ұрпақтар сабақтастығы және прогресс. Әділ шешім қабылдауға қабілетті азамат қана қоғамға нақты пайда әкеле алады, – деп атап өтті Мәлік Отарбаев.
Кездесуде «Заң және тәртіп» қағидаты бойынша азаматтардың қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, алдын алу және мінез-құлық мәдениеті мәселелері талқыланды.
– «Заң және тәртіп» қағидаты ішкі істер органдары қызметінің негізі болып табылады және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өңірдегі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған. Заң бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап беретінін әркім білуі керек. Отырыста айтылған барлық тапсырмалар іске асырылуда және ерекше бақылауда, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Бұдан әрі генерал ҚР Президентінің кеңесшісін полицияның күштері мен құралдарын жедел басқару процестерін автоматтандыруға арналған «ЖБО 2.0» заманауи аппараттық-бағдарламалық кешені енгізілген жаңғыртылған жедел басқару орталығымен таныстырды.
Сондай-ақ департамент бастығы бүгінде полицияның барлық аумақтық бөлімдерінде 864 жалпы бейнебақылау камерасы мен жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің 60 жүйесін қамтитын жедел басқару орталығы құрылғанын атап өтті.