Құрт пен қоспа: Павлодарда сенбілік жәрмеңкеде ұлттық тағамдар сатылатын болады

Құрт пен қоспа: Павлодарда сенбілік жәрмеңкеде ұлттық тағамдар сатылатын болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жәрмеңкеге Железин, Павлодар, Шарбақты аудандарының тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының ауыл шаруашылық басқармасының мәліметінше, 16 наурызда Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысында өтетін жәрмеңкеде Наурыз мейрамының қарсаңында қазақ ұлттық тағамның барлық түрлері ұсынылады. 

Дәл осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауылдық аудандарында ұйымдастырылады.

Ауыл шаруашылық базарының бағалары:

  • Сиыр еті – 1700-2100 теңге/кг;
  • Қой еті – 1900-2100 теңге/кг;
  • Жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг;
  • Шошқа еті – 1600- 1800 теңге/кг;
  • Шикі сүт – 200 теңге/литр;
  • Картоп, пияз – 90 теңге/кг, сәбіз – 95 теңге/кг, қырыққабат – 110 теңге/кг;
  • Ірімшік – 900 теңге/кг;
  • Бал – 2000-2500 теңге/кг және т.б. өнімдер.