«Құс қанат ғұмыр» клубының төрайымы: Павлодарлық жас ақындарды күтеміз
Әдеби поэтикалық клуб Әлкей Марғұлан атындағы университеттің жанында ашылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Ұйым 2021 жылдың 14 қыркүйегінде құрылған болатын. «Құс қанат ғұмыр» әдеби бірлестігін ашудың мақсаты – ақ парақ пен қара сияны жанына серік еткен ақынжанды студенттердің шабытын шыңдап, әдеби орта қалыптастыру, қазақ тілі мен әдебиетінің биік деңгейге көтерілуіне жастар болып, бірге атсалысу, – дейді «Құс қанат ғұмыр» бірлестігінің төрайымы Ақбота Қуан.
Бірлестік төрайымының айтуынша,клубтың алғашқы жетекшісі Нұрай Маратқызы болған. Бүгінде ұйым 40-адамнан тұрадыжәне бүгінгі таңда жас буынды қабылдау жүргізілуде.
Ұйымға университет пен М. Қанапия атындағы колледж студенттері және басқа да ақындар қосыла алады.
– Ұйым мүшесі атану үшін нақты бір талап жоқ. Бойында ақындықтың ұшқыны болса немесе мәнерлеп оқуға икеміңіз болса, «Құс қанат ғұмыр» сіздерді күтеді.Мен өзім осы ұйымдабір жылдай мүше болып келемін. Өлең жазамын әрі мәнерлеп оқуға да бейімім бар. Бұл ұйымның басшысы лауазымына жақында тағайындалдым, – дейді Ақбота Қуан.
Университетте өткен жермеңкеде ұйымды таныту мақсатында таныстыру өткізілген. Ал 28 қыркүйек күні ұйымға қабылдау үшін кастинг өткізу жоспарланып отыр.Ұйым орталық кітапханамен тығыз байланыс орнатқан. Бірлестік мүшелері – ақын, жазушылар өңірге белгілі тұлғалардың шығармашылық және әдеби кештерінде қатардың алды болып өнер көрсету. Бұған дейін де облыстық мүшәйра мен студенттік айтыс, Махамбет Өтемісұлының кеші сынды іс-шаралар ұйымдастырылған.Алдағы уақытта ақындар ұйымдағы жас буынға сабақтар,өңірге белгілі әдебиет жанашырларымен кездесу өткізужоспарланып отыр.