Әлем чемпионатының тұмарына байқаудың жүлде қоры – 1 миллион теңге

Әлем чемпионатының тұмарына байқаудың жүлде қоры – 1 миллион теңге
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жеңімпаздың жұмысы 2027 жылғы әлем чемпионатының ресми символына айналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясы мен «Креативті индустрияларды дамыту қоры» ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 турнирінің ресми тұмарын әзірлеуге республикалық байқау жариялады.

Байқауға дизайнерлер, суретшілер, иллюстраторлар, шығармашылық мамандықтардың студенттері және креативті командалар қатыса алады.

Жеңімпаз 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болып, Astana 2027 әлем чемпионатының ресми тұмарының авторы атанады.

Байқауға қатысу үшін info@astana2027.kz электрондық поштасына үміткер туралы қысқаша ақпарат жіберу қажет. Жауап ретінде ұйымдастырушылар байқау ережесі мен қатысу шарттарын жолдайды.

Конкурстық жұмыстар 2026 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады.

Айта кетейік, үстел теннисінен әлем чемпионатының финалдық кезеңі Орталық Азия тарихында алғаш рет Қазақстанда өтеді.