Құрылтай — 2026: Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Құрылтай — 2026: Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді
Фото: Jibek Joly

Жеті партияның өкілі «Заң мен тәртіп» – әділетті Қазақстанның негізі тақырыбында ой өрбітеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық телевизиялық дебат өтеді. Тікелей эфирде бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері кездеседі.

«Әділет» партиясы - Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;

ЖСДП - Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;

«Байтақ» партиясы - Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;

Қазақстан Халық партиясы - Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;

«Ауыл» партиясы - Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;

«Ақ жол» партиясы - Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;

Respublica партиясы - Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.

Дебатқа қатысушылар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруге тиіс.

Көрермен назарына:

- сайлауалды бағдарламаларға толық талдау;

- тікелей эфирде келіп түскен ең өткір сұрақтарға жауаптар;

- дебатқа қатысушылардың пікірі бойынша сайлауалды бағдарламалардың әлсіз тұстары;

- партиялар өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндетті бір нақты уәде ұсынылады.

Дебат аяқталғаннан кейін тікелей эфирде «Ашық студия» саяси ток-шоуы эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі сәттерін, қатысушылардың сөзін және дебаттардың сайлау науқанына ықпалын талдайды.

Видеоматериалға сілтеме: https://dropmefiles.com/V9MEL 

Алғашқы командалық теледебатты 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ телеарнаның ресми YouTube арнасынан көріңіздер.

Айта кетелік, тікелей эфирде Қазақстандағы алғашқы командалық теледебатқа қатысатын партиялардың сөз сөйлеу ретін анықтау мақсатында ашық жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе қорытындысы бойынша Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдерінің сөз сөйлеу кезегі төмендегідей болды:

1.   «Ақ жол» партиясы

2.   Жалпыұлттық социал-демократиялық партия

3.   «Әділет» партиясы

4.   Қазақстан Халық партиясы

5.   «Ауыл» партиясы

6.   «Байтақ» жасылдар партиясы

7.   Respublica партиясы

Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.