Президент Қазақстан халқына үндеу жариялайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялайды.
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі - Президенттің баспасөз хатшысы facebook парақшасында хабарлады.
Президент үндеуі барлық республикалық арналардан бүгін сағат 13:00-де көрсетіледі.