Қала күніне орай павлодарлық бүлдіршіндер тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Балалар өнерпаздары Достық шағынауданында концерт ұйымдастырған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Естай атындағы «Мәдениет сарайы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын балалармен жұмыс жасау бөлімшесі «Колос» балаларға арналған бос уақыт орталығының ұжымдары мен қонақ ретінде шақырылған «Карамель» театры ұсынды. Іс-шараға дайынды
қ 10-15 күн бұрын басталып, арнайы сценарий мен мерекеге сай репертуар таңдалды. Бағдарламада 15 шығармашылық ұжым мен жеке орындаушылар өнер көрсетті.
– Біз бүгін Достық шағынауданының тұрғындарын Павлодар қаласының туған күнім
ен құттықтау үшін келіп отырмыз. Балалар үлкен жауапкершілікпен дайындалды. Көрермендердің ықыласы біз үшін үлкен қуаныш. Барша қала тұрғындарына бақыт, бейбіт өмір және молшылық тілейміз, – дейді ұйымдастырушы Ирина Теплова.
Шара барысында сахна төріне шыққан жас өнерпаздардың бірі Дильназ Қайролла да туған қаласына деген сүйіспеншілігін білдіріп, өзінің авторлық әнін орындады.
– Қала тұрғындарын осылай қуантып концерт беруге біз әрқашан да дайынбыз. Осы күнге арнап өзім шығарған әнімді алғаш рет сахнада орындаймын. Барша қатысушыларға сәттілік, қаламызға гүлдену тілеймін, – деді Дильназ Қайролла.
Концерт көрермендердің көңілінен шығып, қала күніне арналған әсерлі тарту болды.