Қайта оралған «Ертіс»
Команда туған жанкүйерлерінің сенімін толықтай ақтап шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда көптен күткен оқиға орын алды: қайта жаңғырған «Ертіс» футбол клубы Қазақстан чемпионатындағы тұңғыш ойнын өткізді.
Үзіліс кезінде облыс әкімі Асайын Байханов «Ертіс» футболшыларымен кездесіп, жеңіс тіледі. Ол «Ертістің» Павлодар облысы үшін қаншалықты маңызды клуб екендігін ескертіп, жанкүйерлер сенімін ақтаудың аса қажет екендігін қадап айтты.
Екінші лиганың алғашқы матчында команда «Тобыл Ж» ұжымын қабылдап, 6:0 есебімен тас-талқанын шығарды. Алғашқы голды Руслан Есімов соқса, тағы бір ардагер – Артем Попов хет-трик авторы атанды.
Келесі матчты «Ертіс» 17 сәуірде сырт алаңда «SD Family» қарсы өткізеді. 1 мамырда Сергей Якушин шәкірттері төртінші тур аясында «Жетісу Ж» командасын қабылдайды.
Фото: Ольга Бугаева