«Ертіс» ҚПЛ турнир кестесінде көтерілді
Павлодарлық футболшылар жоғарғы дивизионда жеңіліссіз келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында «Ертіс» өз алаңында Өскеменнің «Алтайын» жеңді. Команданың бас бапкері Кирилл Альшевский матч туралы өз пікір білдірді.
- Біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз керек еді – сонда ойын қалауымызша аяқталар еді, - деді беларусьтық бапкер. – Біз бұдан да жақсы ойнай аламыз және соны көрсетуге міндеттіміз. Алаңда бұны дәлелдеу үшін бар күшімізді саламыз. Ең алдымен павлодарлық жанкүйерлерді көптен күткен жеңіспен құттықтаймын — бұл ең маңыздысы. Жеңіс командаға сенімділік беріп, келесі ойындарға дайындалу әлдеқайда жеңілірек.
Бапкер ойын эпизодтары мен ойыншыларға ерекше тоқталды. Ол голға ұласпаған пенальтилер ойынның бір бөлігі екенін атап өтті.
- Егер әрбір пенальти соғылса, онда олардың қажеті де болмас еді. Алаңдағылардың ішінде Вячеслав Швырев пенальтиді соғуы керек еді, - деп жауап берді ол.
Маманның айтуынша, Мирас Тұрлыбек одан да жақсы ойнауға қабілетті, бірақ әлі 100 пайыз дайын емес. Сонымен қатар, Жан Морель ұзақ уақыт бойы ресми матчтарға қатыспағанына қарамастан, жақсы ойын көрсетті және одан әрі өрлеуге әлеуеті бар.
Павлодар командасы жеңіспен алтыншы орынға көтерілді. Турдың басқа ойындарында «Астана» «Қайраттан» күтпеген жерден 4:0 есебімен жеңілді, «Ордабасы» Шымкентте өткен даулы матчта «Атыраумен» тең түсті, ал «Тобыл» жеңіссіз сериясын жалғастыруда, Қостанай командасы ҚПЛ-де соңғы орында тұр.