Қазақ тілі – достық тілі: Павлодарда тегін курс басталды

Қазақ тілі  –  достық тілі: Павлодарда тегін курс басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазақ тілін үйрену бұрынғыдай  құрғақ  ереже жаттау мен кітапқа телмірумен өтпейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып отырған кешкі тегін курстар  –  жай ғана сабақ емес, қызығушылықтар тоғысқан нағыз білім ордасы. Қызықты да еркін атмосферада, достық ортада мемлекеттік тілді үйренуге мүмкіндік бар. Сабақтар бейресми атмосферада ұйымдастырылады. 

— Ол үшін алдын ала жазылу қажет емес, тек келсеңіз болғаны.  Еркін, көңілді әрі қолжетімді ортада мемлекеттік тілді меңгеріңіз, — дейді ұйымдастырушылар. 

Ал ең таңқаларлығы курстар тегін әрі ыңғайлы уақытқа қойылған. Жас ерекшелігіне және білім деңгейіне қарамастан, кез келген адам қатыса алады. Жаңадан келгендер өзін еркін сезінеді, ал оқытушылар әркімге жеке тәсіл таба біледі.

Бұл – жай ғана курс емес, қазақша сөйлегің келетін орта,  –  деп қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті. 

Сабақтар аптасына екі рет –  дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 18:00 -ден 19:00 -ге дейін өтеді. Байланыс нөмірлері:  8 (7182) 32-81-28, 8 705-176-76-74. 

Әмина Жеңіс