Қазақстан екінші жыл қатарынан ТМД-дағы ең бақытты ел атанды

Қазақстан екінші жыл қатарынан ТМД-дағы ең бақытты ел атанды

Биыл жарияланған World Happiness Report баяндамасында Финляндия “Әлемдегі ең бақытты ел” рейтингінде алтыншы рет көш бастады, деп хабарлайды Tengrinews.

Бұл ретте Қазақстан 44-орында, көршілеріміз – Өзбекстан 54-орында, Қырғызстан 62-орында, Ресей 70-орында тұр.⠀

Осылайша Қазақстан екінші жыл қатарынан ТМД-дағы ең бақытты ел атанып отыр. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда 4 орынға төмен түскен (былтыр 40-орында еді).

Үздік бестікте Дания, Исландия, Израиль және Нидерланды, одан кейін Швеция, Норвегия, Швейцария, Люксембург және Жаңа Зеландия бар. Салыстырмалы түрде жоғары орындарды Балтық жағалауы елдері – Литва (20), Эстония (31) және Латвия (41) иеленді. Баяндамада көрсетілген 137 елдің ішінде Сьерра-Леоне, Ливан және Ауғанстан ең бақытсыз елдер тізімінде соңында тұр.

Жыл сайынғы жаһандық бақыт есебін Америка Құрама Штаттарының ғалымдары Gallup International социологиялық ұйымдар қауымдастығы кейінгі үш жылда жүргізген сауалнамалар негізінде дайындайды. Бақыт индексі алты негізгі критерий – әлеуметтік қолдау, табыс, денсаулық, еркіндік, жомарттық және сыбайлас жемқорлықтың болмауы бойынша есептеледі.