Қазақстанда қанша Абай бар

Қазақстанда қанша Абай бар

10 тамыз Абай Құнанбайұлының туған күні. Ұлттық статбюро ұлы ойшылдың құрметіне қойылған есімдер жайлы статистиканы ұсынады, деп хабарлайды kaz.inform.kz.  

Бүгінде елімізде Абай есімді 18 586 адам тұрады.

Ғұлама есімі берілгендердің ең көбі Түркістан облысында тұрады — 2050 адам, одан кейін Астана — 2021 адам және Алматы қаласы — 1639 адам.

Ойшыл есімі берілген азаматтардың ең азы Ұлытау өңірінде — 193 адам.

Ақынның туған өлкесінде (Абай облысында) Абай есімді 232 адам тұрады.

Егер жас құрамы бойынша қарайтын болсақ, 18 жасқа дейінгі 4166 балаға Абай есімі берілген.

18 бен 44 жас аралығындағы осы есімді тағы 8 179 адам және 45 жастан асқан 6241 адам бар.