Қазақстандық шекарашылар заңсыз көші-қон үшін жауапкершілік барын еске салды
Мұндай «саяхатты» ұйымдастырушылар да жазаға тартылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабына сәйкес, Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз басып өткені үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 394-бабына сәйкес, заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін келесідей қылмыстық жауапкершілік белгіленген:
- 1-бөлім – 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;
- 2-бөлім (адамдар тобының жасауы, бірнеше рет немесе қызметтік жағдайын пайдалану арқылы) – 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;
- 3-бөлім (қылмыстық топтың жасауы немесе ауыр зардаптарға әкеп соғуы) – 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
Қылмыстық жауапкершілік тек мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтушілерге ғана емес, сонымен қатар заңсыз көші-қонға жәрдемдесетін ұйымдастырушыларға, делдалдарға және сыбайластарға (көлік, құжаттар, ақшалай қаражат, тұрғын үй беру, бағыттарды үйлестіру және өзге де әрекеттер) жүктеледі.
Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілері немесе соған алғышарттар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне дереу хабарлауыңызды сұраймыз.