Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы ресми ақпаратты қайдан ала алады?
Бұл сұраққа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жауап берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Медициналық көмек көрсету тәртібі, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістерге қатысты нақты әрі толық ақпаратты азаматтар ресми ақпарат көздері арқылы ала алады.
Емхана және аурухана деңгейінде көрсетілетін медициналық көмек, диспансерлік бақылау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, госпитализациялау тәртібі, медициналық көмектің сапасы, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің әрекеттеріне байланысты шағымдар мен бұзушылықтар бойынша мәліметтер ресми арналарда қолжетімді.
Айтап айтқанда, 1414 – бірыңғай байланыс орталығы, «SAQTANDYRYBOT» – Telegram-бот, «QOLDAU 24/7» – мобильді қосымша, EGOV.KZ және EGOV MOBILE – электрондық үкімет порталы мен мобильді қосымшасы және тіркеу орны немесе жауапты мамандар арқылы ресми ақпаратқа қол жеткізуге болады.
Азаматтарды медициналық қызметтер мен МӘМС жүйесіне қатысты ақпарат алу кезінде тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырады.