1 наурызда Павлодар облысында аздаған қар жауады

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін, облыстың батысыңда, оңтүстігінде, орталығында 15-20 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, сенбі күні өңірдің облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз ауа температурасы -4...-9, түнде -13...-18 °C суық болады.
Павлодарда күн көшпелі бұлтты болып, аздаған қар жауады. Сынап бағанасы күндіз -5...-7 °C-ты көрсетеді.