1 қараша күні Павлодар облысында тұман, көктайғақ күтіледі
Қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде батыста, оңтүстікте, күндіз аймақтың басым бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.
Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде -2...3 градус салқын, күндіз 0-5 градус жылы болады.
Павлодар қаласында күн райы бұлтты болады, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Түнде тұман түседі.