1 қазанда Павлодар облысында қалың тұман түседі
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 1 қазанда облыс бойынша түнде ауа температурасы +0...+5°C болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында -2°C-қа дейін салқын түседі. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы +13...+18°C болады. Жауын-шашынсыз.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +2...+4°C болады. Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
Күндіз ауа температурасы +16...+18°C болады. Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.