Павлодарлық 109 қызметіне тәулігіне 900 өтініш келіп түсті
Әдетте орташа 300-350 өтініш өңделеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты облыстық 109 қызметіне 7 қарашада 900-ден астам өтініш түсті.
– Тұрғындарды негізінен коммуналдық мәселелер алаңдатты – электр жарығның сөнуі, судың төмен қысымы, апатты ағаштар, шатырдың зақымдануы,– деді қызметте. – Біз барлық өтінімдерді ТЖД, ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің мамандарымен бірлесіп пысықтадық.
Бүгінде коммуналдық бригадалардың жедел жұмысының арқасында қоңырау саны азайды. Жұмыс штаттық режимде жалғасуда.
109 қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Қысқа нөмір бойынша қоңырау шалу тегін. Сондай-ақ, WhatsАpp: +7 747 7 901 109, Telegram: pavlodar_109, Instagram: 109.pavlodar, contact@pavlodar109.kz электрондық поштасы арқылы және Komek 109 мобильді қосымшамен пайдалануға болады.