10 қарашада Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады.
Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3 градус салқын, күндіз 7-12 градус жылы болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы, таңертең және түстен кейін жаңбыр күтіледі.
Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 9-11 градус жылы болады.