10 наурыздаПавлодар облысында қар жауады

10 наурыздаПавлодар облысында қар жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Күн райы салқындайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -7...-12°C, ал облыстың батысы мен солтүстігінде -15...-20°C болады. Қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Күндіз температура -7...-12°C болады. Батыс пен солтүстікте -15...-20°C, әрі қарай температура төмендейді. Облыстың солтүстігінде қалың қар жаууы мүмкін. Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіледі.

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с дейін жетеді.

 Павлодар қаласында түнде -10...-12°C. Бұлтты, қар жауады, жаяу бұрқасын болады.
Күндіз -10...-12°C-ға дейін ауа температурасы төмендейді. Бұлтты, қар және жаяу бұрқасын күтіледі.