10 тамызда Павлодар облысында бұршақ пен жаңбыр жауады
Таңертең және түстен кейін облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың оңтүстігінде кейде бұршақ аралас қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік-шығыс, солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 27-32, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 22 градус ыстық болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық күтіледі, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14 м /с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 28-30 градус ыстық болады.