10 қарашада Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

10 қарашада Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз облыстың батысы мен  оңтүстігінде жаңбыр жауады.

Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. 

Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3 градус салқын, күндіз 7-12 градус жылы болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы, таңертең және түстен кейін жаңбыр күтіледі. 

Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 9-11 градус жылы болады.