100 АЕК: Павлодарда дәмхана иесіне айыппұл салынды
Ол өзге елдің азаматтарын жұмысқа тартқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қыметінің мәліметінше, рейдтік іс-шараны өткізу кезінде тәртіп сақшылары дәмханалардың бірінде шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзғанын анықтады.
– Дәмхананың 35 жастағы иесі Өзбекстанның екі азаматын аспаз ретінде жұмысқа қабылдаған. Шетелдік азаматтардың еңбегін үй шаруашылығынан басқа пайдалануға болмайтынын біле отырып, оларды аспаз қызметіне қабылдаған, – дейді департаментте.
Шетелдік азаматтарға қатысты көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, ҚР ӘҚБтК 5-бөлігінің 517-бабы бойынша айыппұл салынды. Ал Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын жұмысқа тартқаны үшін кафе иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабына сәйкес 100 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды.