11 наурызда Павлодар облысында түнде қатты аяз күтіледі

11 наурызда Павлодар облысында түнде қатты аяз күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кей жерлерге тұман түсіп, қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -25...-30°C, облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Күндіз ауа температурасы -15...-20°C шамасында болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар, боран және тұман болжанып отыр.

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15–20, екпіні 23–28 метрге дейін жетеді.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -25...-27°C, күндіз -15...-17°C болады. Ауа райы бұлтты, қар жауып, боран соғады.