Екібастұзда куәгер бассейнге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 18 маусымда сағат 16:00-де Екібастұз қалалық ауруханасына 2015 жылы туған бала 103 қызметкерімен жеткізілген.
– Куәгерлердің айтуынша, шомылу кезінде бала бассейнде тұншығып қалған. Сол жерде демалып жақан адамдардың бірі баланы судан шығарып, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетті. Куәгердің жедел әрекет етуі нәтижесінде бала аман қалды, – дейді департаментте.
Баланы жедел жәрдем алып кетіп, жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Қазіргі таңда оң динамика байқалады.