12 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

12 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Бейсенбі күні жауын-шашынды болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың оңтүстік жартысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Ауа температурасы түнде ауа 0-5, күндіз 5-10 градус  жылы болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.