13 ақпанда Павлодар облысында жауын-шашынсыз болады
Көшпелі бұлт шығады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 7-12 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде -19..-21°C, күндіз -7..-9°C болады.
Павлодар қаласында қар жауып, бұрқасын болады. Батыстан соққан желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.
Сынап бағанасы -9...-11°C көрсетеді.