13 наурызда Павлодар облысында жаңбыр аралас қар жауады

13 наурызда Павлодар облысында жаңбыр аралас қар жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Облыс бойынша түнде ауа температурасы ...-7°C болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -2...-7°C болады. Күндіз -3...+2°C шамасында. Облыстың солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр болып, төменгі боран және көктайғақ күтілуде.

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, облыстың оңтүстігінде, батысында және шығысында 15–20 метрге дейін жетеді.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -4...-6°C. Қар аралас жаңбы жауып, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Күндіз -1...+1°C. Ауа райы бұлтты.