Павлодар әкімі көшелердің бірінде реновациялау жұмысының барысын тексерді

Павлодар әкімі көшелердің бірінде реновациялау жұмысының барысын тексерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы Хасар Хабылбеков өзінің «Instagram» парақшасында баяндады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биыл облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Лермонтов көшесін реновациялау бойынша ауқымды жоба басталды.

– Қазіргі уақытта Луговой көшесінен Академик Сәтбаев көшесіне дейін абаттандырылуда. Мұнда дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жарықтандыру жүйесіне арналған желілер ауыстырылды. Су құбыры, суару жүйесі тартылды, – деді қала басшысы.

Бұдан бөлек, Хасар Хабылбеков қала тұрғындарының өтініштерін ескеріп, Луговой-Лермонтов көшелерінің қиылысындағы жолдың жүру бөлігін кеңейтуді тапсырды. Жол бағыты сол бойы қалады, тек ені кеңейтіледі.

Реновациялау жобасының алғашқы кезегі бойынша жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтау жоспарлануда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)