15 шілдеде Павлодар облысында найзағай ойнайды

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сейсенбіде ауа температурасы +22...+27 °C-қа дейін жылынады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады.
Павлодарда көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз сынап бағанасы +24...+26 °C-ты көрсетеді.