Павлодарды су басуы туралы ақпарат - жалған
Whatsapp желісі арқылы Ертіс өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Хабарлама мәтінінде Усолка шағын ауданының жағалауындағы үйлерді жақын арада су басуы мүмкін екендігі туралы жазылған.
ТЖ департаментінің баспасөз қызметі жіберілген хабарламалардың жалған екенін хабарлайды.
Сондай-ақ, облыс қонақтары мен тұрғындарынан тек тексерілген дереккөздерге сенуді сұрайды.
— Биылғы жылы жоғарғы-Ертіс каскадының су қоймаларынан су жіберу көлемі былтырғыдан 50 пайызға артық жоспарланған, бірақ рекордтық емес, — деді департаментте. Мысалы, 2016 жылы көлемі әлдеқайда жоғары болды.
ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, алдын алу дайындық іс-шараларын жүргізуде. Мамандар бөгеттер тұрғызып, қап дайындап, су деңгейіне мониторинг жасауда.