17 ақпанда Павлодар облысында жаңбыр жауып, көктайғақ күтілуде
Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -2...-7°C. Жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі боран, көктайғақ күтіледі. Күндіз -2...+3°C. Облыстың батысы мен солтүстігінде қар аралас жауын, төменгі боран, көктайғақ болады.
Павлодар қаласында түнде -4...-6°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі боран, көктайғақ күтіледі. Күндіз 0...+2°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжануда.