17 ақпанда Павлодар облысында қалың тұман күтіледі

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде және таңертең шығыста, облыс орталығында тұман түседі. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 5-10 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде -15...-20, облыстың батысында -12, күндіз -4...-9 градус болады.
Павлодар қаласында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Сынап бағанасы түнде -17...-19, күндіз -6...-8 градус болады.