Павлодарлық журналистер республикалық байқауда жеңімпаз атанды

Павлодарлық журналистер республикалық байқауда жеңімпаз атанды
Фото: автор

Үш жүлделі орынның екеуін Ертіс өңірінің қаламгерлері иеленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Байқауды «Halyk-Life» өмірді сақтандыру компаниясы ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – сақтандырудың әлеуметтік маңыздылығын насихаттау және халықтың сақтандыру мәдениетін арттыру, сондай-ақ журналистерді Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығының өзекті мәселелерін көрсетуге ынталандыру.

Бірінші орынды облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің тілшісі Ирина Волкова иеленсе, үшінші жүлде «Ирбис» телеарнасының тілшісі Артем Булановқа бұйырды. Журналистерді құттықтауға серіктестіктің басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова келді. Ол павлодарлық қаламгерлердің жоғары кәсібилігі мен белсенділігін атап өтті.

Марапаттау кезінде Жанар Жұбаниязова көрерменге «Halyk-Life» өнімдері туралы айтып берді. Ол Қазақстанда азаматтардың 1,4 пайызы ғана өмірін сақтандырғанын атап өтті.

- Таңертең тұрып өмірім сақтандырылған ба деп ойлайтындар аз. Мысалы, АҚШ-та бұл үйреншікті жайт, ал бізде бұл мәдениет әлі қалыптаспаған. Көпшілігіміз өмірді құдайдың берген ажырамас байлығы деп қабылдаймыз, - дейді компанияның Басқарма Төрағасы.

Жанар Жұбаниязова бизнесмендерге пайдалы өнім туралы айтты. Жылына небәрі он мың теңгеге жұмыс берушілер жұмыскерлерінің өмірін сақтандыра алады, ал жұмыс орнында жазатайым оқиға орын алған жағдайда компания 12 жалақыға тең соманы төлеуге міндеттенеді.