17 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +13...+18°C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Батысы мен солтүстігінде тұман болады.
Күндіз ауа температурасы +23...+28°C, облыстың батысында +20°C болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі.
Павлодар қаласында түнде +15...+17°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз сынап бағаны +24...+26°C дейін көтеріледі. Жауын-шашынсыз болады.