17 қыркүйекте Павлодар облысында жауын-шашын болмайды
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидрометтің» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +5...+10°C болады. Жауын-шашын күтілмейді. Облыстың солтүстігінде, батысында және орталығында тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы +18...+23°C аралығында болады. Жауын-шашын болмайды.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +6...+8°C болады. Тұман түседі.
Күндіз +21...+23°C жылы болады. Аспанды бұлт торлап, жауын-шашын болмайды.