Павлодарда бір ай бұрын жоғалған ер адам өлі күйінде табылды

Павлодарда бір ай бұрын жоғалған ер адам өлі күйінде табылды
Фото: ашық дереккөзден

Надим Рүстемханов үйінен шығып кеткен, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Vita еріктілерінің мәліметінше, Мичурино ауылында 8 сәуірде  сағат үштің кезінде  Гурьев көшесінен орналасқан үйінен шығып кеткен. 

- Өкінішке орай, Надим Рүстемханов өлі күйіне табылды. Отбасы мен туған туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз, - деді еріктілер. 

Ал 25 сәуір күні Екібастұз қаласында жоғалып кеткен 1987 жылы туған Александр Пазников аман-есен табылды. Ол да үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.