18 тамызда Павлодар облысында күн ашық болады
Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың батысында тұман болады. Солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 7-12 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде +1..+6 градус, облыстың солтүстік-шығысында +2, күндіз +10..+15 градус жылы болады.
Павлодар қаласында айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде 0..-2, күндіз +13..+15 градус көрсетеді.