18 қыркүйекте Павлодардың бірнеше көшесінде жарық сөнеді

18 қыркүйекте Павлодардың бірнеше көшесінде жарық сөнеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жұма күні электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында қаладағы бірқатар мекенжайда жарық өшіріледі.

Сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін:

  • Зеленстрой кентінде;
  • Ағайынды Дүйсенбиновтар көшесі, 1, 1/1, 1/6, 1/9, 2, 2/3, 7 мекенжайларындағы әкімшілік және өндірістік ғимараттарда.

Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін:

  • Майра көшесі, 19, 21, 21/2, 27, 31, 33 (№126 балабақша, «Қазпошта» №7 бөлімшесі, тұрғын үйлер мен сауда нысандары);
  • Академик Сәтбаев көшесі, 21, 25/1, 27, 29 (тұрғын үйлер, Мемлекеттік сараптама ғимараты, офистер мен дүкендер);
  • Лермонтов көшесі, 46, 46/1, 48, 50 (тұрғын үйлер, №38 балабақша, Оқу-өндірістік комбинаты, Жоғары спорттық шеберлік мектебі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және банк бөлімшесі).