19 қыркүйекте Павлодар облысының кей жерінде жаңбыр жауады

19 қыркүйекте Павлодар облысының кей жерінде жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.  Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15–20 метр болады,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында күн бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +10…+15°C, күндіз +17…+22°C-қа жетеді.

Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Солтүстік және орталық аудандарда тұман күтіледі.

Ал Павлодар қаласында жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде ауа температурасы +12…+14°C, күндіз +20…+22°C болады. Түнде тұман түсуі ықтимал.