Павлодарда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі
Оған төрт ауданның тауар өндірушілері келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс орталығында 22 қарашада Торговая көшесі, 2А құрылысы мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Жәрмеңкеге Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз, Ақсу қалалары, сондай-ақ облыстың 10 аудандарында ұйымдастырылады.