19 шілдеде eGov және бірқатар сервистер уақытша жұмыс істемейді

Техникалық жұмыстар алты сағатқа созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша 109 қызметінің мәліметінше, бұл жұмыстар «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сүйемелдейтін барлық цифрлық жобалардың қолжетімділігіне әсер етеді және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Техникалық жұмыстар 19 шілде күні сағат 2:00-ден 8:00-ге дейін жүргізіледі. Осы уақыт аралығында бірқатар мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі. Атап айтқанда, eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасы, e-Otinish, E-license порталдары, Ашық үкімет жүйелері, Ұлттық куәландырушы орталықтың сервистері, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз болады.